Президент қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты

/
Президент қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомар Тоқаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы лауазымынан;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары