459
«Сөздер де көмектеспейді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есінен шығара алмайтынын айтты
Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына жан сырын ақтарды.
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ләйлә Сұлтанқызына оқырмандары марқұм күйеуін қалай жиі еске алатыны жайлы сұрақтар қойды.
«Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер де көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін – Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.