Түркістандық сарбаз ерлігі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды

Түркістандық сарбаз ерлігі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды
Түркістан облысының әкімдігі
291

Астанада әскери борышын өтеп келген саурандық сарбаз Адыл Үркімбаевқа Қорғаныс министрінің арнайы қол сағаты табысталды.

Сыйлықты Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының бастығы Дильмурат Нұржанов аудан орталығына арнайы келіп берді.

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Адыл Үркімбаев Астанада әскери борышын өтеп жүрген сәтте елімізде су тасқыны болып, қарулы күштер тобы алғашқы күннен төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмекке барған болатын. Осыған орай Адыл Үркімбаевтың ерен ерлігі ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан жоғары бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары