Павлодарда автокөліктің терезесіне кірпіш лақтырған тұрғын қамауға алынды

Ер адам мас күйінде болған.

Павлодарда автокөліктің терезесіне кірпіш лақтырған тұрғын қамауға алынды
Сурет: istockphoto.com
389

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлметінше, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін өңірдің 194 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Чайковский көшесінің бойында қала тұрғыны мас күйінде үйдің ауласында Toyota Camry маркалы автокөліктің артқы терезесіне кірпіш лақтырған. Полиция қызметкерлері біреудің мүлкін қасақана жойып, бүлдіргені үшін ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оны 10 тәулік мерзімге қамауға алды, – деп хабарлады департаментте. 

Тәртіп сақшылары жоғарғыдай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін «102» арнасына хабарласуды сұрайды және  вандализм актілері үшін жауапкершілік қатаңдатылғанын еске салады.

Серіктес жаңалықтары