Теміртау-Нұра автожолында 2 адам қаза тапты

Қарағанды облысында Volkswagen Passat пен «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Теміртау-Нұра автожолында 2 адам қаза тапты
istockphoto.com
275

11 қазан күні Қарағанды облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.

«Самарқанд ауылынан 1 шақырым жерде Теміртау-Нұра автожолында екі көлік –Volkswagen Passat пен «КамАЗ» жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары