Қостанай облысының бұрынғы басшысы қайтыс болды

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов желідегі парақшасында жазды

Қостанай облысының бұрынғы басшысы қайтыс болды
Instagram @qumaraqsaqalov
494

Мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. 90-жылдардың басында ол Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов желідегі парақшасында жазды.

"Кенжебек Укиннің өмірден озғаны туралы суық хабарды күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды.

Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", – деп жазды Құмар Ақсақалов.

Серіктес жаңалықтары