Ақтауда жасөспірімдер аутизмге шалдыққан баланы соққыға жыққан

Баланың көзі нашар көреді.

Ақтауда жасөспірімдер аутизмге шалдыққан баланы соққыға жыққан
istockphoto.com
368

Оқиға 10 қазан күні кешкі сағат 19:30-да 13-ші ықшам ауданында болған.

«Бала аутизмге шалдыққан. Дұрыс сөйлей алмайды. Ауладағылардың бәрі оны біледі, бірге ойнайды. Сол күні ол аулаға шыққан. Ұрған балалар басқа ауладан келген болуы керек. Көзілдірігін шешіп алып, ұрған. Баланың көзі нашар көреді. Қазір бала психологиялық қиын жағдайда», - дейді баланың әжесі.

Зардап шеккен баланың жақындары куәгерлерден сол күні не болғанын айтуды, көмек көрсетуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары