Спорт мектебінің директорлары миллиондаған ақшаны бәске тіккен

Заң бұзушылықты өңірдің прокуратурасы анықтаған.

Спорт мектебінің директорлары миллиондаған ақшаны бәске тіккен
istockphoto.com
Автор
Админ
386

Ақтөбе облысында бірнеше спорт мектебінің директорлары бюджет ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап, букмекерлік кеңселерде бәске тіккен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратураның мәліметінше балалар мен жасөспірімдер мектептерінің директорлары спорт алаңдары мен залдарды жалға алу үшін әуесқой командалардан алған ақшаны жымқырған. Қаражат өңірдегі спортты дамыту үшін бюджетке түсуі керек болған.

«Спорт мектептерінің директорлары 6 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз жұмсаған. Өз қажетіне жараған, букмекерлік кеңселерде бәске тіккен. Сондай-ақ «Ақтөбе» футбол командасының ұшуына билетті бірнеше делдал арқылы қымбат бағамен сатып алғаны анықталды», - деді прокуратура.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі үш тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары