364
Қостанай облысындағы 5 баланың қазасы: Бас прокурор істі өз бақылауына алды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас прокурорының бақылауына алынды.
Қостанай облысы Жітіқара қаласында үйден өрт шығып, қаза тапқан бес баланың өліміне қатысты істі Бас прокурор бақылауына алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өрттің алдын ала себебі – пешті қараусыз қалдыру.
«11 қазан таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруді ТЖД, «Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас прокурорының бақылауына алынды.», – делінген хабарламада.