Талғарда атыс болды

Талғар тас жолында бірнеше патрульдік полиция көлігі байқалған.

Талғарда атыс болды
istockphoto.com
2186

Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы кафелердің бірінің алдында атыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Ауылдастар, Талғарға барсаңыздар басқа жолмен барыңыздар. «Бастау» кафесінің алдында атыс болған. Көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр. Жолды жауып қойған», - дейді видео авторы.

«Бастау» кафесі Талғар тас жолында, Тұздыбастау ауылында орналасқан. Жол бойынан бірнеше патрульдік полиция көлігін көруге болады.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың бәрі полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары