Шымкентте мектеп бухгалтері 5,1 млн теңге жымқырған

Шығын бюджетке қайтарылды.

Шымкентте мектеп бухгалтері 5,1 млн теңге жымқырған
istockphoto.com
Автор
Админ
220

М.Әуезов атындағы №96 жалпы білім беретін мектептің бас бухгалтері бюджет ақшасын ұрлаған, деп жазады turkystan.kz.

«Мекеме бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген нормадан көп мөлшерде ақша қаражатын аударған. Аударылған ақшаның жалпы сомасы 5 164 921 теңге», - деді прокуратура.

Ол кінәсін толықтай мойындаған. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен бас бухгалтер сеніп тапсырылған мүлікті ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары