353
ҚТЖ-ның еншілес ұйымынан 56 млн теңге ұрланғаны анықтады
ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өзінің еншілес компаниясына жүргізген аудит барысында көлемді сомадағы ақша ұрлау фактісін анықтады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты жүргізген ішкі қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 56 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде шаралар қабылдау туралы құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды», – делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тергеу шаралары жүргізілуде.
ҚТЖ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамашысы ретінде тергеп-тексеруге толық жәрдем көрсетеді.