Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді
315

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен бетпе-бет келді, деп жазды turkystan.kz ҚТФ-қа сілтеме жасап. 

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Юлия есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары