Шымкенттің екі азаматы 100 млн теңге биткоин өндірген

Шымкенттің екі тұрғыны криптовалюта өндіретін майнинг фирмасын ұйымдастырған.

Шымкенттің екі азаматы 100 млн теңге биткоин өндірген
istockphoto.com
272

2023 жылдың сәуірінен бастап 2024 жылдың ақпан айына дейін аталған тұлғалар майнинг фирмасынан 100 миллион теңге мөлшерінде пайда тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біреуі 2 жылға, біреуі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 1000 дана АSIC майнер (биткоин өндіретін қондырғы) түріндегі мүлкі тәркіленді. Олардың жалпы құны 370 млн теңгені құрайды. Заңсыз өндірілген цифрлы активтері (биткоин) де тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жалпы жыл басынан бері заңсыз ұйымдастырылған майнинг фирмаларының 400 млн теңге табыс тапқаны анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз криптовалюта майнингі елдің экономикасына қауіп төндіретінін айтады. Майнинг фирмалары өте көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатындықтан кәсіпкерлер мен тұтынушыларға электр энергиясы жетпей қалуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары