Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді

6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді

Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді
ТЖМ
335

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды.

Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді.

Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады. Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары