Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерінің демеушісі жайлы айтты

Жәнібек Әлімханұлы Кеңес Рақышевқа алғысын білдірді.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерінің демеушісі жайлы айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
477

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бизнесмен Кеңес Рақышевты өзінің демеушісі ретінде таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«Кеңес Рақышев ағам! Әр жекпе-жегіме қолдауын көрсетіп, Qazaq style-дың тарихта қалуына, көк тудың желбіреуіне үлкен үлесін қосып жүрген ағам! Бұйыртса бірге 4 титулды жинаймыз», - деді боксшы Жәнібек Әлімханұлы. 

Еске сала кетсек, 4 қазан күні кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы  Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті айқын басымдықпен ұтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары