1009
Талғарда анасының көз алдында кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың әкесі мәлімдеме жасады
Бірнеше күн бұрын Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат бір топ жігіттің қолынан қаза тапқан еді.
Бұзақылар оны әкесімен, әкесінің інісімен қосып сабаған. Бозбала ауруханада жан тапсырған болатын. Бүгін Шерзаттың әкесі Болат мырза Президент пен Бас прокурор Берік Ноғайұлына үндеу жасады.
«Ұлым қайтыс болған күннен бері Талғар әкімі, прокурор, АІІБ басшысы ештеңе жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Тіпті марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Түн ортасында тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздырды. Өлетін балам өлді. Қамайтын болса мені де қамасын. Бірақ әділ сот болсын. Ашық сотты талап етемін. Менің баламмен жасты балалар, одан кіші балалар пышықталмасын. Аналар жыламасын», - дейді қан жұтқан әке.