Таразда 10 жастағы бала полицияға ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Таразда 10 жастағы бала полицияға ауыр қылмысты ашуға көмектесті
zhambyl_police
677

Қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан шақырту түсті. Әйел үйдің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлады.

Ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тергеу іс - шаралары барысында қылмыстың куәгері — жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар баланы анықтады. Ол полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты нақтылап айтып берді.

Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығымен балаға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары