Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады

Синоптиктер 8, 9, 10 қазан күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады
istockphoto.com
563

Апта басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Содан кейін елдің батыс, солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу жақтан келген циклон әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 9-10 қазанда батыста нөсер жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік аудандарда түн мен таңда тұман түседі», - делінген хабарламада.

Республиканың батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус, солтүстік-батыста 7-17 градус жылы болмақ. Басқа аймақтарда қатты өзгеріс болмайды.

Серіктес жаңалықтары