Стратегиялық шешімді қоғамның талқысына салу оң әсерін берді – Алмас Айтмұқаш
бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі.
Халықтың пікірін ескеріп, стратегиялық шешімдерді қоғамның талқысына салу мемлекеттің халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін көрсетеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Алмас Айтмұқаш жазды.
Ол атом энергиясын пайдалану Қазақстанның көмірсутекті ресурстарға тәуелділігін азайтып, елдің экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті.
«АЭС құрылысына қолдау білдірген қазақстандықтардың үлесі 71%-дан жоғары. Соның ішінде, Абай облысы бойынша референдумға қатысқан 283 365 адамның 199 413-і АЭС салу бастамасын қолдады.
Бұл халықтың мемлекет жүргізіп отырған энергетикалық саясатты дұрыс бағалап, алдағы онжылдықтардағы энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызын түсінгенін көрсетеді. Атом энергиясын пайдалану Қазақстанның көмірсутекті ресурстарға тәуелділігін азайтып, елдің экономикалық дамуына серпін береді. Сондықтан бұл жоба халық үшін ұзақ мерзімді пайдасы мол қадам ретінде қабылданып жатыр.
Бұл көрсеткішке жетуде Халықтық штабтың бір айға созылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өту қажет. Штабтың белсенді әрекеттері халықтың атом энергетикасы туралы түсінігін арттырып, жобаның экологиялық және экономикалық артықшылықтарын кеңінен насихаттады. АЭС құрылысының маңызын халыққа ашық әрі қолжетімді тілде түсіндіру, тәуекелдерді азайту жолдарын көрсету осы жоғары қолдау деңгейінің қалыптасуына септігін тигізді», – деп жазды ол.
Оның айтуынша, бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі.
«Халықтың пікірін ескеріп, стратегиялық шешімдерді қоғамның талқысына салу мемлекеттің халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін көрсетеді. АЭС сияқты маңызды жобалар бойынша осындай ашық және демократиялық процестер жүргізу халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады. Бұл қадам елдің дамуына бағытталған шешімдерге азаматтардың тікелей қатысуын қамтамасыз етіп, олардың өз болашағына ықпал етуіне мүмкіндік береді, – деді қоғам белсендісі А. Айтмұқаш.