Қазақстандағы референдум халықаралық талаптарға сай өтті – Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) миссиясының басшысы Олег Копылов референдумға баға берді. Ол арнайы жиында миссияның пікірін оқып берді.
«Азаматтық қоғамның дұрыс пікір жасауына барлық жағдай жасалды. ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдум заңға сәйкес және халықаралық талаптардың сақталуымен өткенін растайды. Миссия АЭС салу мәселесі бойынша референдум таза, әділ әрі заңды өткенін мойындвйды», – дейді Копылов.
Оның айтуынша, референдум Қазақстанда болатын демократиялық процестердің дамуына ықпал етеді.
«ШЫҰ миссиясы орталық референдум комиссиясы мен министрліктерді байқаушылардың жұмысына жағдай жасағаны үшін алғыс айтады. Миссия Қазақстан халқын референдумның сәтті өтуімен құттықтайды», – дейді ол.
ШЫҰ миссиясының құрамындағы 13 байқаушы Қазақстандағы референдумды бақылады.