Ресей университеттерінің бірі баласы жоқтарға салық салуды ұсынды

Ресей университеттерінің бірі баласы жоқтарға салық салуды ұсынды
сурет: istockphoto.com
364

Ресей әлеуметтік мемлекеттік университеті баласы жоқтарға салынатын салықтың параметрлерін әзірледі, деп хабарлайды forbes.ru.

Ресей әлеуметтік мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Жомарт Алиев баласы жоқ ерлер мен әйелдерге салық салу параметрлерін әзірлегенін хабарлады. Бұл туралы ол «Говорит Москва» радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеген. Әлиевтің айтуынша, мұндай шара халық санының өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Салық мүлік, мұрагерлік және табыс салығымен бірге қосымша есептелуі тиіс.

Зерттеуіміз бір жарым жыл бойы жүргізілді, біз жазда соңғы қорытынды есепті жарияладық. Қазіргі демографиялық жағдайды жақсартуға әсер ете алатын бірқатар шаралар қарастырылды. Баласыздарға арналған салық біз қарастырған 15 шараның ішінде көш бастап тұр. Біздің модельдеулерімізге сәйкес, бұл халықтың 1000 адамына шаққанда 1,05 өсім береді. Бұл өте үлкен көрсеткіш, – деді Жомарт Алиев.

Оның айтуынша, бала көтере алмайтындар бала асырап алуды қарастырулары керек. 

Мұндай ұсыныстар Ресейде бұрын да бірнеше рет көтерілген болатын. Әлеуметтік желілерде және түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланғанына қарамастан, бұрынғы бастамалар қолдау таппаған еді.

Серіктес жаңалықтары