225
Саяқ кен орнында екі шахтер көз жұмды
5 қазан күні Балқаш қаласының маңындағы «Саяқ» кен орнында екі кенші қаза тапты.
34 жастағы Дулат Игембаев пен 23 жастағы Мадияр Тұрысбеков газдан уланып қалған. Үшінші кенші ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы департаменті бұл фактіні растап, жазатайым жағдай ретінде бағалаған.
«Комиссия құрылды. Аталмыш жазатайым жағдайға қатысты арнайы тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Еңбек инспекциясы департаменті.