«Жетісулықтар белсенді дауыс беріп жатыр» – Салтанат Айыпқызы

«Жетісулықтар белсенді дауыс беріп жатыр» – Салтанат Айыпқызы
Автор
Админ
403

Талдықорған қаласында дауыс беру процесін қадағалаған бақылаушы Тәкенова Салтанат жетісулықтардың референдумға белсенді атсалысқанын айтады.

«Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №437 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Сайлау учаскесі жұмысын уақытылы бастады. Жалпы учаскідегі сайлау бюллетендерінің саны – 2 608. Дауыс беру заңға сай өтіп жатыр. Әр партиядан бақылаушалар қатысуда. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын ережеге сай атқарып отыр. Дауыс берушілер белсенді. Референдумның маңызын байыбына жетіп түсініп отыр. Демек халық үшін еліміздің  болашағы маңызды. Әркім өз таңдауын жасап жатыр. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Бақылаушы ретіндегі басты жұмысым — демократиялық процестің маңызды элементі, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мен дауыс берудің әділ өтуіне кепілдік беру. Міндетімді асқан жауапкершілікпен орындап, дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ат салыстым. Өзім үшін де бақылаушы болу тәжірибесі қызықты болды. Жалпы бұл жұмысым азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға, халықтың саяси сауаттылығын нығайтуға және демократиялық процестерді жетілдіруге ықпал етті деген ойдамын», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары