174
Референдумда термеші-жыраулар ерекше дауыс берді
Бүгін республикалық рефрендум аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді.
Халық аузында «Сыр елі – жыр елі» деп танылған Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылы даңқты жырауларымен танымал. Бұл өлкеден Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жиенбай жырау сияқты даңғайыр ақын-жыраулар шыққан.
100 жырау шыққан өнерлі өлкенің тұрғындары да бүгін республикалық рефрендумда дауыс беруде.
Учаскеде дауыс беруді ауылдың жыраулары бастады. Зәуре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев бастаған термешілер жырдан шашу шашты.