Алматыда 50 жастағы шетелдіктің мәйіті табылды

Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген денесі табылған.

Алматыда 50 жастағы шетелдіктің мәйіті табылды
istockphoto.com
225

Алматыда пәтерлердің бірінде шетелдік азаматтың мәйіті табылды.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Желідегі ақпарат бойынша, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген денесі табылған. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.

- Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары