Авиация комитеті Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Air Astana да қақтығысқа байланысты үндеу жариялады.

Авиация комитеті Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
istockphoto.com
263

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өту немесе баламалы бағыттарды таңдау, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылады», — делінген ақпаратта.

Air Astana да қақтығысқа байланысты үндеу жариялады.

«Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады», – деді компания.

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильге 400-ге жуық зымыран ұшырған болатын. Бейресми деректерге қарағанда, кейбір зымырандар діттеген жеріне жетуі мүмкін. Атыс жалғасып жатыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израильге баллистикалық зымыранмен шабуыл жасаған Иран «үлкен қате жасады және оның құнын өтейді» деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Израиль мен Американың әуе қорғаныс жүйелері Ираннан ұшырылған зымырандарға қарсы тиімді жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары