Бүгін – қарттар күні

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.

Бүгін – қарттар күні
istockphoto.com
Автор
Админ
241

Қарттар күні – 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген халықаралық мереке.

Бұл мереке бастауын өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан алады. Алдымен қарттар күні Еуропада, одан кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде тойлана бастады. Бірақ қарттар күнінің негізін салушы ретінде Жапония елі саналады.

«Қарттар күнін» атап өтуді 1947 жылы шеткері аймақта орналасқан  Хёго ауылының тұрғыны Масао Кадоваки ұсынған. Бастапқыда «қарттар күні» ретінде 15 қыркүйек таңдалды. Егін, бау-бақша жиналып болатын, уақыттың мамыражай кезі. Кейін бұл бастаманы көрші ауылдар іліп әкетіп, 1966 жылы ұлттық мерекеге айналған. Одан кейін халықаралық мерекеге айналды.

Қазыналы қарттарымызды бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз! Күш-қуат, денсаулық пен берекелі қарттық тілейміз!

Серіктес жаңалықтары