Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкенттегі халықаралық сынды жеңіспен бастады

Екі боксшы да келесі кезеңге өтті.

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкенттегі халықаралық сынды жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz
940

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Шымкентте өтіп жатқан халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлады turkystan.kz порталы ҰОК-ке сілтеме жасап.

Боксшылар Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр.

48 келіде жұдырықтасатын Санжар Тәшкенбай бірінші кезеңде алматылық Сүлеймен Тілеубердімен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

54 келіде бақ сынайтын Махмұд Сабырхан Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан басым түсті. 

Шымкенттегі халықаралық турнир 6 қазанға дейін жалғасады. 

Серіктес жаңалықтары