Ақтөбеде бір айда 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болады

Ақтөбеде бір айда 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Полиция
633

Полиция қызметкерлері арнайы бағдарлама көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар, шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus көлігін анықтады.

«Қорғау» жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион 378 мың теңге болады. Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары