Енді ата-әжелер немерелерін қарағаны үшін мемлекеттен төлем алады

Жаңашылдыққа сәйкес ата-аналар өздерінің 45 күнге дейінгі ақылы демалысын баланың ресми қамқоршысы емес адамдарға аудара алады

Енді ата-әжелер немерелерін қарағаны үшін мемлекеттен төлем алады
istockphoto.com
4879

Швецияда немере баққан ата-әжелер жәрдемақы алып жатыр. Бүгінде мемлекеттен төленетін қаржыны 1500 адам алып үлгерген, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған заң жазда күшіне енген. Жаңашылдыққа сәйкес ата-аналар өздерінің 45 күнге дейінгі ақылы демалысын баланың ресми қамқоршысы емес адамдарға аудара алады. Мысалы, бұл ата-әжелері болуы мүмкін.

Егер ата-ана жалғызбасты болса, олар 480 күн ақылы демалыстың 90 күнін басқа жанға бере алады. Барлық әкімшілік шараларды Швецияның Әлеуметтік сақтандыру агенттігі жүргізеді. Бұл заң, әсіресе, жұмысбасты отбасыларға үлкен көмек дейді ел билігі. Ал төлем мәселесімен Швецияның әлеуметтік сақтандыру агенттігі айналысады. Агенттік өкілінің айтуынша, жаңа заң жеке өмір мен жұмыс арасындағы балансты сақтауға бағытталған. 

Серіктес жаңалықтары