Елордада жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған күдікті ұсталды

Алаяқтық жолмен ақша алған 17 жастағы жасөспірім болып шықты.

Елордада жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған күдікті ұсталды
istockphoto.com
244

Елордада полицейлер алаяқтың қылмыстық схемасын әшкереледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол азаматтардан алаяқтық жолмен ақша алған 17 жастағы жасөспірім болып шықты.

Алаяқ Telegram интернет-ресурсы арқылы ең көп оқырмандары бар танымал арналарды жалға алған. Содан кейін, ұтыс ойынын сылтауратып, хабарламалар жариялап, сипаттаманың астына: «Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз» деген жарнама орналастырған.

 Осылайша, басқа біреудің мүлкін иемденуге бағытталған тікелей қылмыстық ниеті бар қаскүнем алдау және сенімге кіру арқылы арна абоненттерінен ақша алған. Жалпы шығын сомасы шамамен жарты миллион теңгені құрайды. Жас жігіт өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

 Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 7 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары