Атом энергетикасы отандық ғылым мен білімнің дамуына оң мультипликативті әсер етеді

Халықтық штаб Бесқарағай ауданының халқына Қазақстанда атом электр стансасын салудың маңызы мен болашағын түсіндіріп өтті.

Атом энергетикасы отандық ғылым мен білімнің дамуына оң мультипликативті әсер етеді
Халықтық штаб
306

АЭС құрылысы туралы Халықтық штабтың мүшелері «Бесқарағай ауданы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымымен классикалық кездесу өткізді.

Республикалық халықтық штабтың топ жетекшісі Данияр Қайырханұлы Шакаримов атом электр станциясының мақсаты мен жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді. «Біріншіден, жұмыс істеп тұрған көмір стансаларының тозуы жоғары, 70%-ға жетеді. Екіншіден, елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға артып келеді. Үшіншіден, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық экологиялық міндеттемелер алды. Ақырында, экологиялық шектеулерге байланысты көмір жобаларын қаржыландыру қиындай түсуде», - деп түсіндірді Д.Қ. Шакаримов.

«Атом электр станциясының құрылысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр қуатының тапшылығын азайту, энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығы мен сенімділігі үшін қажет. Бұл ел үшін ұзақ мерзімді экономикалық тиімділік те болмақ. Атом энергетикасы отандық ғылым мен білімнің дамуына оң мультипликативті әсер етіп, жоғары технологиялық, білімді қажет ететін технологиялардың жедел дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және еліміздің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі», - деп атап өтті штаб мүшесі Рахметулин Ерболат Еренұлы өз сөзінде.

Республикалық халықтық штаб тобының жетекшісі Данияр Шакаримов баяндамашының сөзін қолдап, жиналғандарға Қазақстанда атом электр стансасын салудың маңызы мен болашағын түсіндіріп өтті.

Кездесу белсенді талқылау форматында өтті. Атом электр стансасының құрылысына қатысты азаматтарды алаңдатқан сұрақтарға толық түсініктеме берілді.

Мәдениет саласының қызметкерлері АЭС құрылысын қолдайтындықтарын білдіріп, осы мәселе бойынша алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары