Қариялар қарттар күнінде қанша қаражат алады?

1 қазан – Қазақстанда қарттар күні.

Қариялар қарттар күнінде қанша қаражат алады?
Автор
Админ
397

Астанада 127 мың қария бар. 107 мыңы биыл мереке қарсаңында арнайы төлем алады.

Бір реттік төлем мөлшері 2,5 АЕК немесе 9230 теңге. Бұл ақша қарияларға көмек ретінде қыркүйек айының соңында және қазан айының басында беріледі.

Одан бөлек тегін көрсетілетін қызметтер бар. Қариялар жылына бір рет санаториялық – курорттық емге жіберіледі. Екі жылда бір рет тісіне тегін протез салдыра алады.

Бұған дейін 82 зейнеткерге көмір алу үшін 59 мың теңгеден берілген. 71 зейнеткерге газ қазандығын орнату үшін 479 мың теңгеге дейін қаражат берілген.

Серіктес жаңалықтары