607
Қайрат Нұртастың жары көңілсіз жүргенін аңғартты
Белгілі актриса күзгі фотосуреттерін көрсетті.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көңіл күйге қатысты жазба жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Байқайсыз ба… Адамның көңіл-күйіне қатысты күздің жазылмаған өз заңдылығы бар. Әсіресе үйде оранып отырып, отбасылық кино көргің келеді. Немесе жауынды күндері терезенің қасында махаббат жайлы кітап оқығың келеді. Дәл қазір менің көңіл күйім: «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап”- деген өлең жолдарымен ұқсас. Сіз күзді несімен ұнатасыз?», деп жазды актриса.