250
Көктемгі су тасқынынан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді
Көктемгі су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кетті.
Мұндай деректерді Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.
Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, мұнда Көлік министрлігінің мәліметінше, 414 учаскеде бүліну тіркелді.
Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233–де жұмыс толығымен аяқталды.
Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.