«Байларша қашан өмір сүремін?»: Мөлдір Әуелбекова орындалған арманы жайлы айтты

Әнші әлеуметтік желіде қолға алған кәсібі табыс әкеле бастағаны жайлы жазды.

«Байларша қашан өмір сүремін?»: Мөлдір Әуелбекова орындалған арманы жайлы айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
624

Мөлдір Әуелбекова желі қолданушыларын жастық шақта аянбай еңбек етуге үгіттеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын. Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу, қатардан қалып қалмау, ақша қайдан табамын, тағысын тағы сияқты уайым сейілді. Аллаға сансыз шүкір! 20 жылдық еңбегім мен Вeyne өндірісімнің жемісі тұрақтылық орнатты. “Байларша қашан өмір сүремін?” - деуші едім, сол уақыт пен жағдайға жетіппін. Шүкір! Сіздерге де, қуатты жастық шақта талмай еңбектеніп, жемісін көруді бұйырсын! Бастысы, армандарыңызды ешқашан сатпаңыздар! Армандар жетелейді! Сеніңіз! Мен өсіп, өнген Қазақ еліме ән арнаудан жалықпаймын!», - деп жазды әнші.

 

Серіктес жаңалықтары