340
Сыртқы істер министрлігі басшысы «Болашақ саммитіне» қатысты
БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-шы сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы қарсаңында Ұйымның штаб-пәтерінде «Ертеңгі күн үшін көпжақты шешімдер» тақырыбында екі күндік «Болашақ саммиті» басталды.
Саммит жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация қатысты.
Бұл жаһандық іс-шара БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өткізіліп, қазіргі таңдағы және келешекте туындайтын мәселелердің бірлескен шешімдерін табуға бағытталған.