Маңғыстау облысында бұрынғы ММА шеберінің мәйіті табылды

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады

Маңғыстау облысында бұрынғы ММА шеберінің мәйіті табылды
istockphoto.com
1062

Желіде Ақтау қаласында, 3-шағын ауданда ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарап кетті.

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суретін бөлісіп жатыр. Оның мәйіті 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған. Денесі ісініп, қарайып кеткен.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Мәйіт 20 қыркүйекте табылған.

Ер адамның мәйітін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Қолданушылардың айтуынша, Вусал Джафаров соққыға жығылып, оның денесі бірнеше күн бойы далада жатқан.

Серіктес жаңалықтары