Допинг дауы: қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Нәтижесінде алтын медаль енді Қаленге өтеді. Диастың медальді қашан алатыны әзірге белгісіз

Допинг дауы: қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
offside.kz
619

Халықаралық тестілеу агенттігі грек-рим күресінің балуаны Ақылбек Талантбековты антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға дисквалификациялады.  

Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 10 сәуірінде допинг бақылауынан өте алмай қалған. Бұл жағдай спортшы Астанада өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанғаннан кейін болды. 

Оffside.kz сайтының мәліметінше, сол кезде 82 кг дейінгі салмақ дәрежесінде оның финалдағы қарсыласы қазақстандық Диас Қален болған еді. Талантбеков жерлесімізді 3:2 есебімен әрең жеңген. Ал кейін балуанның зәрінен тыйым салынған "Метастерон" препаратының іздері табылды.

Нәтижесінде алтын медаль енді Қаленге өтеді. Диастың медальді қашан алатыны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары