245
ҰҚК Алматыдағы академия курсантының қаза тапқанын растады
Қайғылы оқиға түрткі мән-жайлар анықталып жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы курсантының қаза тапқанын растады.
Мәлімет бойынша, жас жігіт 2024 жылдың 22 қыркүйегінде кезекті демалыста болған.
"Алматы қаласының көпқабатты тұрғын үйінің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курста оқитын курсанттың денесі табылды. Өлімінің себебі – биіктен құлау", - делінген хабарламада.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қайғылы оқиға түрткі мән-жайлар анықталып жатыр.