сенбі, 19 сәуір, 2025

Қазақстандық боксшы WBA чемпионы атанды

/
Қазақстандық боксшы WBA чемпионы атанды
fightrepublic.ru
Ол жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Тигран Согоянмен жұдырықтасты

Алматыда өткен турнирде қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев WBA Asia белбеуінің иегері атанды.

Ол жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Тигран Согоянмен жұдырықтасты.

Жартылай орта салмақтағы (66,7 келі) жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және барлық белгіленген қашықтыққа созылды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бірауыздан жеңіске жетті.

Бөлісу: