531
«22-жеңіс»: Боксшы Әли Ахмедов франциялық қарсыласынан басым түсті
Жекпе-жек 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Ирландияда өткізген жекпе-жегінде француз Пьер Юбер Дибомбені жеңді.
Жекпе-жек 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісі.
Айта кетейік, бұл – отандасымыздың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген.