Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты
istockphoto.com
265

Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға болып, бір шахтер қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Бұл туралы KAZ Minerals тобы мәлімдеді.

19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын - ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді, - деп атап өтті компаниядан.

Серіктес жаңалықтары