938
Көлікте қараусыз қалған 8 жастағы бала өз-өзіне оқ атқан
Бала жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
АҚШ-тың Юта штаты, Лехи қаласында көлікте қараусыз қалған 8 жастағы бала өз-өзіне оқ атқан. Жергілікті жанармай бекетінде 8 жастағы баланың басынан оқ жарақатын алғаны туралы куәгерлер полицияға хабарлаған.
Бала жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Баланың анасы көлігін жанармаймен толтырып, есеп айырысып жатқанда, қараусыз қалған ұлы көліктен тапанша тауып, ойнай бастаған. Қару абайсызда атылып, оқ баланың өзіне тиген.
Құқық қорғау органдары тек қарудың не себепті бала қол жеткізе алатындай жерде сақталғанын анықтауды жоспарлап отыр.