Жол талғамайтын Lexus автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан адамдарды қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға басқа көліктің видеотіркегішіне түсіп қалған. Видеодан BMW және Lexus көліктерінің бір-біріне соғылып, кейін Lexus көлігінің адамдарды қаққанын көруге болады.
«BMW маркалы көлігінің жүргізушісі Уәлиханов – Сәтпаев көшесінің қиылысында келе жатып, «Жол бер» деген белгі тұрса да, жол бермей, Lexus көлігімен соғылған. Нәтижесінде Lexus көлігі жол белгісі мен жаяу жүргіншілерді қаққан», - деді Алматы полициясы.
Апат салдарынан үш жүргінші мен Lexus көлігінің жүргізушісі зардап шеккен.
Медеу ауданының Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.