Моңғолияда төл күресімізге қызығатындар қатары артты – Жарқын Болашақ

Қазақ күресін Моңғолияда дамытатын – біз, балуандар. Мұны еш есімізден шығарған емес­піз.

Моңғолияда төл күресімізге қызығатындар қатары артты – Жарқын Болашақ
418

Моңғолиядан келген балуан Жандос Болашақ бұған дейін өткен Көшпенділер ойындарында жүлделі орындар иеленген-тін. Алайда Астанада қазақ күресінен өткен бәсекеде қола жүлде үшін таласта ол жеңіліп қалды. Оның айтуынша, ойын сайын қазақ күресіне қызығатын әлем балуандарының саны артып келеді. 

– Мен Көшпенділер ойындарына екінші рет қатысып тұрмын. Осы­ның алдында Түр­кия­ның Изник қаласында өткен ойындарға қа­­тысқан едім. Ол кезде түріктердің аба гүре­ші және татарлардың кура­шынан бақ сы­нап, екі күміс жүлде иеленіп қайтқанмын. Өкі­­ніш­тісі сол, бүгін өзіміздің төл күресіміз – қазақ күресінен қола жүлде үшін таласта жеңі­ліп қалдым. Қазақ күресі біртіндеп дамып келе жа­тыр. Биыл Көшпенділер ойын­­дарына әр ел өз мықтысын алып келді. Біз мұның алдында бұл спорт­тан үлкен нәтиже көрсеткен едік. Осы­ның алдындағы ойында бәрі­міз жүлде ал­ған­быз. Осы жолы қарсыластар қарымды әрі ережені жа­тық біледі. Бала кезден білетін біз­ден айласын асыра алатын қар­сыластар кө­бейді. Түркияда болған ойынмен салыс­тыр­ғанда ра­сымен қарсылас көбейген. Бұл қа­зақ күресінің қарыштап дамып ке­ле жат­қа­нын аңғартады. Әсіресе, күрес түрлерінен мық­ты сана­ла­тын Иран, Әзербайжан, Гру­зия­дан келген балуандар қазақ күресіне қатты қызығатыны көрініп тұр, – дейді ол.

Жарқын тарихи Отанына тала жарысқа келсе де, бұл жарыстың жөні бөлек екенін айтады.

– Астанадағы Көшпенділер ойындары жо­ғары деңгейде өтті. Әсіресе, ашылу сал­танаты ерекше әсер қалдырды. Атлеттерге бар­лық жағ­дай жасалғанын шетел қаты­су­шылары мен бапкерлері айтып жүр. Біз де таң­ғалып жүрміз. Себебі Түркияда болған ойын­­­дардың ұйым­дас­тырылуы Қазақстанға жетпейді. Мен бұған дейін де Қазақстанға түр­­лі жарысқа келетінмін. Алайда бұл сайыс бәрі­нен бөлек. Қанымыз қа­зақ болған соң, ашылу салтанатындағы көріністерді өзге ұлт өкіл­­деріне қарағанда терең түсініп, өтке­ні­мізді елестетіп отырдық. Рух­танып, де­ле­бе­міз қозып, бойымызды ерекше сезім биледі. Осындай те­рең тарихы бар ұлт екенімізді мақтан көрдік.  Қазақ күресін Моңғолияда дамытатын – біз, балуандар. Мұны еш есімізден шығарған емес­піз. Баян-Өлгейде жыл сайын Наурыз ме­ре­кесінде өткізіп тұрамыз. Енді ел аста­насы Ұлан-Батырда өткізсек де­ген мақсат бар. Үлкен ағаларымыз мұны іске асыруға ты­рысып жатыр. Моңғолияда кү­рес­кісі келетіндер көп. Аймақта бір-бірін мық­­ты қарсылас санайтындар да жетерлік. Сон­дықтан қазақ күре­сі десе, ішер асын жер­ге қоятын жастар тұрғанда, қазақ күресі біз жақ­та дами түсетіні анық, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары