Алматы облысы Шамалған станциясы арқылы өтетін өзенде 2020 жылы туған ұл бала өзенге ағып кетті. Бүгін құтқарушылар бүлдіршіннің денесін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
«РЖҚЖ жедел тобы баланың денесін 3 сағаттық іздеуден кейін, болжамды ағу орнынан төрт шақырым төмен жерден тапты», - делінген ресми хабарламада.
Қайғылы жағдайдың басқа мәліметтері әзірге белгісіз.