201
Өзін зергермін деп таныстырған жігіт қариялардың әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен
Қарағандыда 31 жастағы жігіт жалған зергерлік қызметі үшін сотталды.
Ол жеке пәтерлерге келіп, өзін камера орнататын маман немесе алтын бұйымдарымен жұмыс істейтін зергермін деп таныстырып, бағалы әшекейлерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
69 жастағы қарияның 415 мың теңгенің әшекейлері салынған қобдишасын алып кеткен. 64 жастағы қариядан 50 мың теңге тұратын екі алтын қаптаманы қолды еткен.
Ол ұсталып, кінәсін мойындады. Сот оның үш жылға еркіндігін шектеп, жәбірленушілерге шығынды қайтаруға мәжбүрледі.