«Қарсыласын пышақтап, қашып кеткен»: Астаналық жасөспірімдер қаскүнемді ұстауға көмектесті

Олар қорықпай, қылмыс жасалып жатқан сәтті видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларын шақырған.

«Қарсыласын пышақтап, қашып кеткен»: Астаналық жасөспірімдер қаскүнемді ұстауға көмектесті
407

Оқиға туралы олар алдымен Астана қаласындағы патрульдеу бағытындағы Ақмола облысының патрульдік полиция ротасының инспекторларына хабарлаған, деп жазды turkystan.kz.

Жасөспірімдердің айтуынша, екі адам арасындағы қақтығыс нәтижесінде олардың бірі қарсыласын пышақтап, содан кейін қашып кеткен. Қылмыскердің қылмыстық әрекеттерін жасөспірімдер телефонның бейнекамерасына түсіріп үлгерген. Бұл кейіннен полицейлерге дәлелдемелік базаны жинауға және қаскүнемді ұстап алуға қолданылған.

"Жедел жәрдем келгенге дейін тәртіп сақшылары Дамир Нұртасов, Марат Мәуленов және Ерсейн Октябров уақыт жоғалтпай жақын маңдағы аулалар мен куәгерлерді іздей бастады. Атқарылған жұмыстар мен үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде куәгерлер көрсеткен 63 жастағы азамат жылдам ұсталды. Күдікті дереу оқиға орнына жеткізіліп, келген жедел-тергеу тобына берілді. Полиция қызметкерлерінің барлық әрекеттері бейнетіркеуішке тіркелген", - деп жазылған ІІМ  баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полицейлер жасөспірімдерге ризашылықтарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары